Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяқтардан сақтануды үйрететін алаяқ анықталды

Шымкентте алаяқтардан сақтануды үйрететін алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 7 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаментінің «102» телефонына жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, қаладағы сауда орталығында болған кезде, белгісіз біреу ұялы телефон нөмерімен хабарласқан. Ол өзін банктің қауіпсіздік қызметінде жұмыс жасайтыны жөнінде және қазіргі таңда алаяқтар жеке мәліметтеріңізді бұзып, сіздің атыңызға несие рәсімдеп жатыр, сол үшін жақын жердегі банкоматқа барып, рәсімделген бір миллион теңге несиені шешіңіз деп өзінің есепшотына аударған сәтте, есепшотынан бір миллион теңге ақшасын басқа есепшотқа аударып, алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азамат анықталды. Тексеру амалдары жүрізілуде. 

Шымкент қаласы Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке басыңызға қатысты мәліметтерді ешқашан ешкімге бермеуіңізді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру