Шымкентте алкоголь дайындайтын астыртын цех анықталды
Шымкенттік полицейлер алкоголь дайындайтын астыртын цехты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қазан күні Еңбекші АПБ КПБ жедел уәкілдерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласы “Пахтахор” шағынауданында заңсыз алкогольдік спирттік өнімдерді қолдан дайындайтын цех анықталды.
Тексеру барысында астыртын цехтан жүз дана «Хлебный сок», «Березовая» атты арақ шөлмектері, сегіз дана шөлмек салатын қораптар, полиэтиленнен жасалған екі дана ыдыс және қолдан алкоголь жасайтын құрал-жабдық тәркіленіп алынды.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөліміне (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аталған қылмыстық іс құзыреттілігіне байланысты Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болады.