Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлерімен «102» мобильді қосымшасы арқылы 510 өтініш қабылданды

СҚО полицейлерімен «102» мобильді қосымшасы арқылы 510 өтініш қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер «102» мобильді қосымшасы жобасын іске қосқаннан бері аталған қосымша арқылы 500-ден астам өтініш қабылдады. Адамдар негізінен Жол жүрісі ережелерінің бұзушылықтарына ден қоюды сұрап хабарласады. «102» мобильді қосымшасы 2021 жылдың 1 ақпанында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен іске қосылды. Сервис «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау омниканалдығы» жобасының бір бөлігі. Алғашқы кезекте адамдарға қолайлы болуы үшін жасалған. Бейне, аудио, мәтіндік хабарламалар – полицияның кезекші бөліміне қосымша арқылы кез келген қолайлы түрімен жүгінуге болады. Қажетті шарт – құрылғыда геолакация қосулы болуы тиіс. Бұл шақыртуларды өңдеу кезінде, тәртіп сақшыларына оқиғалардың, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың нақты орнын анықтауға септігін тигізеді.

Петропавл қ. Полиция басқармасында «102» операторының 12 жұмыс орны жабдықталған. 13 аудандық бөлімде екі жұмыс орынан ашылды. Омниканалдық байланыс арқылы хабарламаларды қабылдау тәулік бойы жүргізіледі. Облысымыздағы сервистің жұмысы кезінде полицейлерге 510 хабарлама келіп түскен: 274 мәтіндік, 170 бейне және 60 аудио хабарлама. Жалпы санының 289-ы облыс орталығында орын алған оқиғалар. Орташа есеппен, қалалық полицияға тәулігіне 2-3 хабарлама келіп түседі. Басым бөлігі – көлікті қою ережелерінің бұзушылықтары.

Қосымшаның қолайлы функциясы – шақырылған полиция нарядының бағытын байқап отыра алсың, сондай-ақ кез келген өтініш ресми тіркеледі және жауапсыз қалдырылмайды.
«102» сервисін танымал App Store және Google Play мобильді қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру