Шымкентте ардагерлер мен тәлімгерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті
Шымкентте ардагерлер мен тәлімгерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрбол Мырзатаев Ішкі істер органдарының құрметті ардагері Жеңісбай Сұлтановпен кездесті. Кездесу барысында генерал жас қызметкерлерді қызмет жолында тәрбиелеу мәселелері бойынша құнды тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар ардагерлер мен тәлімгерлер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынға Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері, тәлімгерлер, сондай-ақ департаменттің жеке құрамы қатысты.
Жалпы кездесудің басты мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас буынға жеткізу.
Жиын барысында ардагерлер сөз алып, қызмет жолында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Олар тәртіп, жауапкершілік пен адалдық сияқты құндылықтардың полиция қызметіндегі маңызын атап өтіп, жас мамандарға бағыт-бағдар берді.
