Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте аялдамада қару ұстап отырған жергілікті тұрғын ұсталды

Шымкентте аялдамада қару ұстап отырған жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 16 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы Патрульдік полиция полкінің №722 автоэкипажының қызметкерлері қаладағы көшелерінің бірінде патрульдеу кезінде аялдамада отырған азаматтың қолында қаруға ұқсас затты ұстап отырғаны көрінгендей болды.

Тәртіп сақшылары тексеру мақсатында аялдамада отырған азаматқа қарай бет алды. Полицейлердің күдігі расталып, ер адамның қолындаға қаруға ұқсас заты анықталып, тәркілеп алынды. Ұсталған азамат полицияға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті тұрғын анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексереді. Оның нәтижесі бойынша аталған азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға береді.

Өз іс-әрекетімен қырағылық танытқан полиция қызметкерлері қылмыстың жолын кесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру