Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік айдап кеткен бөтеннің көлігін сатып жіберді

Ақтөбеде ер адам біреудің көлікті айдап әкетіп, бөлшектеп сатуға тапсырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірдің 15-нен 16-ына қараған түні Ақтөбе қаласының «Авиақалашық» ауданындағы үйдің ауласынан «Ваз-21099» автокөлігі ұрланған.

63 жастағы автокөлік иесі кешке көп қабатты үйдің ауласына көлікті қойғанын, ал таңертең көлікті таппағанын түсіндірді.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, осы ауданда орналасқан бейне бақылау камералары қаралды.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотталған 45 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің көлікті айдап әкеткеннен кейін 60 мың теңгеге бөлшектеп сатуға бергені анықталды.

Айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Жеке автокөліктің қауіпсіздігі үшін бірнеше қағидаттарды есте сақтау қажет. Ең алдымен, бұл көлік иелерінің қырағылығына байланысты, тұраққа қою кезінде де, қараусыз машинаны тастап кету кезінде де немқұрайлылыққа жол бермеу қажет. Автокөлік жүргізушілері көліктен шыққан уақытта дабылды қосуды, есіктерді жабуды ұмытып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Мұның салдары бәріне белгілі. Жеке автокөлікті айдап әкетудің алдын алатын барлық мүмкін болатын, қолжетімді тәсілдерін қолдану маңызды, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Полиция департаменті өзіңізді ұрлықтан қорғаудың толық жиынтығымен қамтамасыз ете отырып, оларды қолдану қажеттігін есіңізге салады. Көліктен бірнеше минутқа шыққан кезде кілтті құлыптан шығарыңыз, қол тежегішіне басыңыз, барлық қорғаныс құралдарын қосыңыз. Көлікті ұрлауға жол бермеу оны іздеуден гөрі дұрыс екенін түсінуіңіз керек. Автокөлік иесі көлігін айдап әкетуден сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру