Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте баспаналы боламын деген тағы бір тұрғын алаяққа алданып қалды

Шымкентте баспаналы боламын деген тағы бір тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік жеңлдетілген бағдарлама бойынша Тұран шағын ауданындағы жаңа тұрғын үйлердің бірінен үш бөлмелі пәтер алып беремін деген желеумен Шымкент тұрғынын алаяқ алдап кеткен. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

Бұл бойынша Қаратау АПБ-ның «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы мемлекет тарапынан кезексіз үш бөлмелі пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен қомақты қаржыны иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,3 млн теңгені құрап отыр.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті әйелді тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны толықтай өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру