Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы бір аптада 9 қылмыс ашылды

Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы бір аптада тоғыз қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 2 - 8 қараша аралығында қала көлемінде "102" арнасына 7 138 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынып, оның 2 757-і электронды тіркеуге алынған. Сонымен қатар апта арылығында қала көлемінде 290 қылмыс тіркеліп, оның 233 кезекші тәулікте ашылған. Ашылу көрсеткіші 80,3% құрады.

Бұдан бөлек, апта аралығында бейнебақылау камералары көмегімен тоғыз қылмыс ашылған. Олардан: тонау – төрт, бұзақылық - екі және ұрлықтың үш жайты анықталды. Ал нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 948 жайт анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы бойынша 11, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша - 33, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша - 19, ал жол ережесін бұзғандар - 686, одан басқа 199 жайт анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру