Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы қылмыстар ашылды

Шымкентте бейнебақылау камералары қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылды құқық бұзушылықтардың алдын алу және “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын жүзеге асыру жылы деп жариялады. Шымкентте қабылданып жатқан жедел алдын алу шаралары қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды төмендетуге ықпал етуде. Мәселен, Жедел басқару ортылығы бейнебақылау тобының инспектоларымен 1-7 наурыз аралығында сыртқы бейнекамералары арқылы бес қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – екі, бұзақылық – екі, басқада – бір. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде. Ал “102” арнасына әр түрлі сипаттағы 6340 қоңырау шалынды. Оның 2 757-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 931 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – 15 жайт; ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 30; ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 21, жол ережесін бұзғандар – 738, одан басқа да 127 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру