Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір аптада “102” арнасына 8 мыңнан астам қоңырау түскен

Шымкентте бір аптада “102” арнасына 8 мыңнан астам қоңырау түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылғы 26 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 8091 әр түрлі сипаттағы қоңырау түскен. Оның 3484-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылды. Оның ішінде тонау – 1, бұзақылық – 1, автокөлікті заңсыз иелену – 1, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің бір дерегі ашылған.

Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың дереу ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1054 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде: нөлдік төзімділік – 180, жол ережесін бұзған – 664, одан басқа да 210 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру