Шымкентте «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Шымкентте «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының инспекторлары қала аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Шара аясында тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Осылайша мегаполисте 15 тәулік ішінде заңсыз құс, аң аулаушылармен жасалған 26 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда,
– ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) – 7;
– ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) – 1;
– ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) – 2;
– ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) – 16.
Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.