Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері қала аумағында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу.
Аталған іс-шара аясында химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерінде құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектер заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын адамдарды анықтау көзделді. Іс-шараның нәтижесінде бес тәулік ішінде есірткі қылмысына қатысты тоғыз құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.