Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте есірткіге масаң күйде көлік басқарған 56 жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте жыл басынан бері есірткіге масаң күйде көлік басқарған 56 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы жылдары елімізде есірткіге масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізушілердің жол жүру ережелерін ашық бұзып, ЖКО жасауы сияқты бірқатар құқық бұзушылықтардың болуы қоғамдық резонанс тудырғаны белгілі.

Сәйкесінше, алкогольмен, есірткі заттарымен мас күйде тізгінге отыру жол жүру қозғалысына үлкен қауіп төндіреді.

Масаң күйде көлік басқару жайтын болдырмауды қатаң бақылау үшін, жол-көлік апаттарының алдын алу және жол жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп отырады.

Нәтижесінде Шымкентте алты айда есірткіге масаң күйінде көлік басқарған 56 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Шымкент қаласының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік құралын құжатсыз және мас күйінде басқармауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру