Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте фотоаппарат ұрлаған ер адам 3,5 жылға сотталды

Шымкентте фотоаппарат ұрлаған ер адам 3,5 жылға сотталды, —деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау аудандық сотында 21 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Ол Шымкент қаласының аумағындағы бизнес орталық ғимаратынан құны екі млн теңге тұратын екі дана SOBY A7-3 фотоаппаратын жасырын түрде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі – екі млн теңгені құраған. Тергеу барысында азаматтың өзі ұрлаған фотоаппаратты Алматы қаласындағы ломбардтардың біріне бір млн 350 мың теңгеге өткізіп, одан түскен ақшаны несиесін жабу үшін жұмсағаны белгілі болды.

Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген. Сот айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1 және 3-тармағы (Ұрлық) бойынша азаматқа “бас бостандығынан шектеу” түріндегі жазаны қолдану қажет деп тауып, 3,5 жылға үкім кесті.

Сондай-ақ, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылауда болып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеттелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру