Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 3 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған қызы мектепке кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлайды. Анасы қызын өздері жан-жақты іздеп таппағаннан кейін полицейлердің көмегіне жүгінген. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты.