Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин ережелерін елемеген ойынхана анықталды

Шымкентте карантин ережелерін елемеген ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин ережелерінің сақталуын бақылауға алған. Олардың ішінде нысандардың шектеу қойылғанына қарамастан карантиндік талаптарды сақтамау жайттары орын алуда. Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Шымкент қаласы, Күншығыс шағын ауданы, №93/1 үйде орналасқан «Альфа» ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай, қызметкерлердің бір реттік пайдаланылатын бетперделерді тақпауы, қорғаныш құралдарын пайдаланбауы мен келушілердің дене қызуын өлшемей, жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру