Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин кезінде жұмыс жасаған кезекті кафе анықталды

Шымкентте карантин кезінде жұмыс жасаған кезекті кафе анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мониторинг тобымен аудан нысандарын санитарлық нормаларына сәйкестігін тексеру мақсатында күнделікті рейдтік іс-шарасын жүргізуде.

Ағымдағы жылғы 26 наурыз күні профилатикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында, карантинге қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Ludus» кафесі анықталды. Осыған сәйкес карантин режимін және шектеу шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік іс-құжаттар рәсімделді.

Анықталған құқық бұзушылық жайтына қатысты, нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған материалдар Әл-Фараби ауданы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жолданған.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрақты түрде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру