Шымкентте карантин режимін бұзған 210 нысан анықталды
Шымкентте «Таза қала» сауықтыру іс-шараcы бойынша 5 459 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының аумағында 13 қаңтар мен 13 ақпан аралығында «Таза қала» іс-шарасы өтуде. Жедел профилактика басталған он төрт тәулік ішінде – 5459 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
ҚР ӘҚБтК 505-бап (Қоқыс тастау) бойынша – 1 227;
ҚР ӘҚБтК 434-бап 2-бөлігі (Коммуналдық қалдықтарды тастау) – 423.
Сондай-ақ қайыршылық жасап жүрген 354 адам анықталып, Әкімшілік кодекстің 449-бабымен хаттама толтырылды. Қабылдап-тарату орынына 14 адам орналастырылса, жалға берілетін 1109 пәтер тексерілген. Ал карантин режимін бұзған 210 нысан анықталды. Ішкі істер органдарында есебінде тұрған 2 524 адам мекенжайы бойынша тексерілді. Полиция басқармаларына 2 861 адам жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынған.