Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзған дүкен анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзу жайттары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерінен құрылған мониторингілеу тобы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда.

Мысалы, 22 наурыз күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы Т.Рысқұлов №49 үйде орналасқан «KARI» аяқ киім дүкені карантиндік талаптарды сақтамай келушілердің кіру барысында дене қызуын өлшеу жүргізілмегендігі, келушілердің дүкен ішінде бір реттік бетпердесіз жүргендігі, дүкенге кіру орнында арнайы дезинфекциялық ерітіндіні жақсы сіңірген дезинфекциялық кілемше жоқ екендігі анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру