Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін елемеген тойханалар анықталды

Шымкентте карантин режимін елемеген тойханалар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысын сақтамаған кәсіпкерлік нысан анықталды. Яғни Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан «Көркем» тойханасында сағат 18:00 шамасында той өтіп жатқаны анықталған. Тәртіп сақшылары жедел түрде жиынды тоқтатып, қонақтарды тарқатты.

Аталған жайт бойынша тойхана иесіне және кеш өткізген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру