Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режиміне қатысты құқық бұзушылықтар анықталды

Шымкентте карантин режиміне қатысты 1 200-ден аса құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 1 206 құқық бұзушылық анықталды.

-  Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 262;

  - Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 60;

  -   Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 195; 

  -   Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 372;

  -    Демалыс аймағы – екі;

  -   Басқада орындарда – 315; 

  -   Көпшілік орында бетпердесіз жүргені үшін - 312.

Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында, төмендегі нысандар бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол бергені анықталды.

Барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру