Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған лото-клуб анықталды
Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған лото-клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау бойынша тұрақты жұмыс атқаруда.
Мәселен, 9 ақпан күні №21 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен әкімшілікі аумақты аралау барысында А.Байтұрсынов және Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында карантин режимін бұзып, жұмыс жұмыс жасап тұрған лото-клубты анықтады.
Тәртіп сақшылары жұмысын алаңсыз жалғастырған нысан иесінен түсініктеме алды. Анықталған дерекке қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Полицейлер сақтық шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.