Шымкентте көлік соққан жаяу жүргінші есін жимастан қайтыс болды
Шымкентте экскаватор машинисті жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 26 қазанында «Шымкент-Ташкент» тас жолының бойында «Hyundai Robex 55 w» маркалы экскаватор машинисті жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасына жол берген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық клиникалық №1 ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, 2020 жылғы 28 қазанда есін жимастан қайтыс болды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.