Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоян атып алған браконьер ұсталды

Ақтөбеде тағы бір браконьер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қазанда “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Мәртөк ауданы Родниковка ауылының шетінде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мотоциклді тоқтатты.

Тексеру кезінде 44 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген 20 калибрлі “ИЖ” маркалы аңшы мылтығы мен бір қоян табылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру