Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші тағы да мас күйінде қолға түсті

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 2018 жылы көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші көлік құралын айдап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қазанда Шалқар қаласының Желтоқсан көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан “Лада Приора” автокөлігін тоқтатқан.

Өткізілген медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған.

Бұдан басқа оның 2018 жылы көлік басқару құқығынан төрт жылға айырылғаны белгілі болды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыс көлемінде жыл басынан бері бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алайда көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарып жүрген 154 жүргізуші анықталды, олардың 14-і жол-көлік оқиғасын жасаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру