Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік екі тұрғын марихуанамен ұсталды

Ақтөбелік екі тұрғын марихуанамен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 наурыз күні Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімше қызметкерлерімен бірге 12 шағын ауданында Ақтөбе қаласының екі тұрғынын ұстады.

47 жастағы ұсталған адамды тексеру барысында күртешесінің қалтасынан жалпы салмағы 19 грамнан асатын марихуананың 4 қағаз пакеті табылса, екінші күдікті 52 жастағы ер адамның күртешесінің қалтасынан салмағы 13 грамнан асатын марихуана есірткісімен бір қағаз пакет табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, ұсталғандардың біріне тиесілі Renault Logan автокөлігін тінту барысында салоннан бір пакет табылды, оның ішінде жалпы салмағы 1 келіден асатын марихуана есірткісі бар 19 полиэтилен пакеті болды.

Аталған дерек ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Марихуана есірткі затының жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрайды.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың бірі Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру