Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті

Павлодар облысында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурыз сағат 21.00-де Ақтоғай ауылында ВАЗ-2114 автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 56 жастағы ауыл тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

– Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жүргізушіні ұстау үшін “ұстау” жоспары енгізілді. Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама қорытындысы бойынша, көлік жүргізушісі сау күйде болған. ЖКО орнын тастап кету фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру