Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрық атқан браконьерлердің сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысқаны белгілі болды

Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьерлердің жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің дериваттарымен заңсыз айналысқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында күдіктілердің жануарлардың сирек кездесетiн түрлерімен және дериваттарымен  заңсыз айналысу дерегіне қатысы бар екені анықталды.

2020 жылдың 27 қыркүйегінде “Охотзоопром” мекемесінің және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктілерді ұстаған еді. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының аумағында  ұсталған күдіктілерден Қызыл кітапқа енгізілген бір қарақұйрық, аңшы мылтығы мен пышақ алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігімен (Заңсыз аңшылық ) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарын жүргізу кезінде күдіктілердің Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен көзделген (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) деректеріне қатысы анықталып, күдіктілер қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру