Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік соққан жаяу жүргінші есін жимастан қайтыс болды

Шымкентте экскаватор машинисті жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 26 қазанында  “Шымкент-Ташкент” тас жолының бойында  “Hyundai Robex 55 w” маркалы экскаватор машинисті жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасына жол берген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық клиникалық №1 ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, 2020 жылғы 28 қазанда есін жимастан қайтыс болды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру