Шымкентте көліктің әйнектерін күңгірттегені үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Шымкентте көліктің әйнектерін күңгірттегені үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 2021 жылғы 23 сәуір күні қала аумағында «Тонировка» рейдтік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен терезесі күңгірттелген мемлекеттік белгісі 245FEA17 «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Күңгірттеу) жол ережесін бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.