Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген 8 жүргізуші ұсталды
Павлодар облысында жүргізушісі ұсталған және осы құқық бұзушылық түріне әкімшілік жауапкершілік күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 2 мамырында Железин ауданы Полиция бөлімінің патрульдік қызмет полицейлерімен Железинка ауылының 37 жастағы тұрғынының жүргізуіндегі «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылды, тексеріс барысында жүргізушіден ішімдік исі сезіліп тұрған. Көлік тұрғыны мас күйіне медициналық куәландыру өтуден бас тартқан.
Жоғарыда көрсетілген автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 4-бөлімі (Ішкі істер органы қызметкерінің талаптарын орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Железин аудандық сотының қаулысымен көлік жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алу және сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған байланысты, Железин ауданы Полиция бөлімі көлік жүргізушілеріне жол үсті қауіпке толы екенін тағы да ескертеді. Кез келген ереже бұзу, әсіресе ішімдік ішіп, мас күйінде ереже бұзу жол-көлік оқиғасына себеп болуы және қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін.