Шымкентте мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Шымкентте мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мегаполис аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері орталық көшелердің бірінде түнгі сағат 03:30 шамасында көлік жүргізу кезінде күдік тудырған ер адамды байқайды. Тізгіндеушінің құжаттарын тексеру мақсатында Нyundai elantra автокөлігін тоқтатты.
Тексеру жұмыстары кезінде жүргізушінің ішімдік ішкен болуы мүмкін деген күдікпен наркологиялық сараптама орталығына жеткізді. Сараптама нәтижесінде ер адамның ішімдік ішкені расталды.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркелді.
Оқиғаға қатысты жинақталған материалдарды әкімшілік полиция қызметкерлері сотқа жіберді. Сот шешімен автокөлік жүргізушісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.