Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған электронды білезікті рұқсатсыз шешкені үшін бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысында 3 жылдан астам мерзімге ауыл тұрғыны электронды білезікті рұқсатсыз шешіп алғаны үшін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Железин ауданы пробация қызметінің қызметкерлері сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға алмастыру бойынша көрнекі сот отырысын өткізді. Железин ауданының пробация қызметкерлері электронды білезікті өз еркімен шешіп алу бойынша заң бұзушылықтардың бірі бойынша жазаны өтеу шартын 5 рет бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолдады.

44 жастағы ауыл тұрғыны ұрлық жасағаны үшін сотталды. Ұсынымды қарау кезінде ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны небәрі 2 ай 6 күн өтеген. Сотталған аз уақыт ішінде үш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бір рет тіркеуге келмей қалды, бірде электронды бақылау құралдарын өз еркімен алып тастады.

Сот отырысында сотталған өз кінәсін толық мойындап, жазбаша ескертулермен келісіп, сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды, өтелмеген 3 жыл 3 ай 2 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру