Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік оқушы жол апаты салдарынан ауруханаға түсті

Ақтөбелік оқушы жол апаты салдарынан ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

26 қыркүйек күні сағат 18.37-де ВАЗ-21150 автокөлігінің жүргізушісі Жанқожа батыр көшесімен жүріп, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 3-сынып оқушысын қағып кеткені туралы мәлімет түсті.

Жол апаты салдарынан оқушы Ақтөбе қаласындағы ауруханасының травматологиялық бөліміне жатқызылды.

Осы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша балалардың қатысуымен 66 жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан 8 бала қаза тауып, 78-і дене жарақатын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру