Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола түрмесіне сәлемдеме ретінде келген аяқ киімнен телефон табылды

Ақмола түрмесіне сәлемдеме ретінде келген аяқ киімнен телефон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рентген аппараты арқылы тексеру кезінде сәлемдеме күдік тудырды. 40 жастағы сотталушының қатысуымен оның досы жіберген аяқ киім қаралды. Пакетті жіберген адам аяқ киімнің өкшесіне екі ұялы телефон, SIM-карталар мен USB-сымын жасырып қойыпты.

Аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жолданды.

– Азаматтар мен сотталғандарға бұл құқық бұзушылық туралы қарастырылған жауапкершілік туралы ескертеміз. Мекемеге тыйым салынған заттарды әкелу деректеріне жол бермеу бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде. Бұған қарамастан мұндай заттарды кез келген тәсілмен алып өту әрекеттері таусылмайды, – деп қорытындылады мекеме бастығы Руслан Уразметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру