Шымкентте «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Ағымдағы жылдың 1-5 ақпан аралығында республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері аталған іс-шараның үш тәулігінде қала бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету ережелерін бұзған барлығы – 69 шетелдіктер мен ҚР-сы азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде: 56-і шетелдік, 13-і ҚР азаматтары.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 24 адам орналастырылды. 196 адамның саусақ іздері алынды.
Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – тоғыз, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – төрт, Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519 – баптарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449-бабы 3-бөлігімен, яғни, адамдарды мазалап қайыршылық жасап жүрген екі шетелдік анықталды.