Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте несие алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Шымкентте несие алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.2021 жылдың 6 мамырында Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу шағын несие орталығынан 150 мың теңге несие алып беремін деп алдап кеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 40 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру