Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Парасатты полицей” байқауы өтті

Шымкентте “Парасатты полицей” байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Полиция департаменті қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында “Парасатты полицей” байқауы өтті. Онда тәртіп сақшылары бірнеше топқа бөлініп, бар өнері мен білімін ортаға салды.
Жүлделі жарысқа Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау АПБ және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері мен Патрульдік полиция полкінің тәртіп сақшылары қатысты. 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен тартысты сайыста “Тілі басқа – тілегі бір” номинациясын Еңбекші АПБ ЖПҚБ УПИ Ислам Хайтов пен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Дилбар Тойханова иеленді.

Сондай-ақ, полицейлер арасынан “Үздік команда капитаны”, “Үздік ұйымдастырушы”, “Үздік орындаушы” номинацияларының иегерлері анықталып, марапатталды.
Қаратау АПБ-ның “Қаратау қырандары” командасы өз өнерлерімен ерекше көзге түсіп, “Көрермен көзайымы” номинациясы мен жүлделі 3-орынды иеленді. Ал Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың “Собрлы жігіттер” командасы бір саты алға шығып, жүлделі 2-орынға ие болды. Патрульдік полиция полкінің “Мегаполис” командасы 1-орынға жайғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру