Шымкентте пәтер ұрысы ұсталды
Шымкент полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғын үйлерден ұрлықпен айналысPolisia.kz.қан Астана қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол қаладағы Әл-Фараби ауданында 2 пәтерді тонап кеткен. Үй иелері құны жарты млн теңгеге жуық ұялы телефондары мен алтын бұйымдарынан айырылған.
Жігіт үйде біреудің бар-жоғын білу үшін домофондарға қоңырау шалған немесе подъездерге кіріп, пәтер есігінің ашық екенін тексерген. Содан кейін ол тұрғын үйлерге кіріп, бағалы заттарды тез алып, ізін суытып отырған.
Тергеушілер оның Алматы аумағында осындай жайтқа қатысы барын анықтады. Күдіктінің бұрын да пәтер ұрлығы үшін істі болғаны белгілі болды.
Полицейлер оның Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында басқа да дәл осындай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін айтады.
Қазіргі уақытта Әл-Фараби АПБ аталған деректі ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдікті қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері мынаны ескертеді: берік есіктер, жақсы құлыптар және оңай қол жететін жерде қалдыруға болмайтын заттарыңызға мұқият болу, ұрыларға сіздің мүлкіңізден пайда табуға мүмкіндік бермейді.