Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция қызметкерлері мен ерікті жастар бетперде таратты

Шымкент қаласында халық арасында індеттің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мен ерікті жастар қоғамдық орындарда тұрғындарға тегін маска таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шараларын қатаң сақтап, санитарлық ережелерге бағыну қажет. Шараның басты мақсаты тұрғындарға бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін және оны дағды етіп қалыптастыруды түсіндіру. Полицейлер мен ерікті жастар арнайы белгісі бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты.Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз. 

Айта кетейік, аталған шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру