Шымкентте қаулы ережелерін елемеген түнгі клуб анықталды
Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған түнгі клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында мобильдік топ құрылған. Жасақталған сала өкілдері тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Бірлескен топ өкілдері ағымдағы жылдың 8 қараша күні Асқарова көшесі бойында орналасқан «Москва» түнгі клубы түнгі сағат 01:30 шамасында өзінің жұмысын тоқтатпағанын анықтаған. Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамағаны үшін мекеме иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтері сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.