Шымкентте қаулы ережесін бұзған ойынхана анықталды
Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантиндік шектеулерді елемей, жұмысын жалғастырып жатқан кәсіпкерлік нысандары толастар емес. Әсіресе компьютерлік клубтар мен ойынханалар қаулы ережелерін өрескел бұзуда. Мәселен 24 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қарасты №25 учаскелік полиция пунктің қызметкерлері компьютерлік ойынхананың жұмыс жасап жатқанын анықтады. Нақтырағы Айбергенов көшесі бойында орналасқан ойынхана келушілерге қызмет көрсеткен. Карантин режиміне қарамастан, бетпердесіз қоғамдық орында жүрген және жұмысын алаңсыз жалғастырған нысан иелесінен түсініктеме алынды.
Жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.