Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құқық бұзушылыққа бейім 14 жасөспірім есепке алынды

Шымкентте құқық бұзушылыққа бейім 14 жасөспірім есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкенттегі Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде өткізіп келеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қала аумағында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз ойын-сауық орталығында жүрген балаларды анықтау.

Арнайы рейдтің екі тәулігінде кәмелет жасына толмағандарға қатысты 141 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 9 жасөспірім түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болған, 108 бала заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 9 ата-анамен жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) алты хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылыққа бейім 14 жасөспірім және ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 12 отбасы есепке алынды. Айта кетейік, қала көлемінде қолға алынған “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру