Шымкентте құқық қорғау органдарының қызметкерлері пилоттық жобамен танысты
Қылмыстық істерді тергеп-тексерудің жаңа форматына өтуіне орай шымкенттік құқық қорғау органдарының қызметкерлері пилоттық жобамен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семинар Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығы Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен өтті. Жиынға Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу және Анықтау басқармаларының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ маңызды жиынға Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры Жеңіс Мамед және Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Аян Мамытхан, сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының аға прокуроры Динара Жалғасбаеваның баяндауымен семинар-сабақ өткізілді.