Шымкентте «Құрбан айт» мерекесі күндері бақылау күшейтілді
Шымкент қаласының Полиция департаменті «Құрбан айт» мерекесі күндері құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 31 шілде және 2 тамыз аралығында Шымкент қаласының кіре берістерінде 17 бекет қойылып, бақылау күшейтілді. Қауіпті дерттің таралу қаупі әлі де бар. Сондықтан коронавирустық инфекциясының таралуына ықпал ететін жағдайларды болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Карантин талаптарына сай қала аумағында мал сатуға және оны союға тыйым салынған. Құрбандық шалу тек онлайн тәртіпте жүзеге асырылады.
Аталған 17 бекеттерде полиция қызметкерлері мал тасымалдайтын көліктерді тексеріп, мал тиеген 65 жүк көлігін анықтап, кері қайтарды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №29 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 31 шілде және 2 тамыз аралығында бірқатар шектеулер енгізілген. Бұл шектеулердің барлығы коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жасалып отыр.