Шымкентте құрылыс заттарын рұқсатсыз сатып, пайда таппақ болған азамат ұсталды
Шымкентте құрылыс заттарын рұқсатсыз сатып, пайда таппақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, екі жылдан бергі танысы өзінің үйінің ауласында тұрған құны 2 млн теңгеден асатын 130 дана құрылыс материалдарын рұқсатсыз, бас пайдасы үшін арзан бағаға сатып жібергенін жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жасы – 23-те, уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған. Бұған дейін құрылыс аймақтарында жұмысшы болғаны анықталды.
Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.