Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құрылыс затын қолды қылған тұрғын анықталды

Шымкентте «Альфа» есімді иттің көмегімен қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 2 наурызында Қаратау аудандық Полиция басқармасына қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілі арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласы Тұран мөлтекауданында орналасқан 9 қабатты яғни құрылысы аяқталмаған үйден белгісіз біреулер жасырын түрде 63 метр мыс кабельдерін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент қалалық Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азамат анықталып, ұсталды. Күдікті азаматты табуға Кинология қызмет орталығының «Альфа» есімді қызметтік иті көмектесті. Иісшіл иттің көмегімен ұрланған заттар табылды.
Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру