Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қыз ұзату жасаған той иесі жауапқа тартылды

Карантин талаптарын бұзып, қыз ұзату ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 тамызда Шымкент қаласы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары Қаратау ауданының аумағындағы үйде қыз ұзату тойы болып жатқанын анықтады. Жергілікті тұрғындар қаланың бас дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантиндік талаптарды бұзған.

Жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен заңды шара қолдану үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру