Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді
Шымкент қаласы Төлеби көшесінің бойында орналасқан “Қырғы” базар маңындағы ретсіз саудаға кезекті рет рейд жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалаға жақын аудандардан келген саудагерлер базар алдында өз тауарларын сатуға дағдыланған. Мұнда сатушылар аяқ жолдар мен автокөлік тұрақтарының орнын жайма базарға айналдырған. Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аталған орындағы ретсіз сауда-саттықты жою мақсатында аудандық әкімдік өкілдерімен бірлесе тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді.
Осы уақытқа дейін базар алдындағы абаттандырылған аймақты ластаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша жалпы 17 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілген болатын.