Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте су қоймаларда рейд жүргізілді

“Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық шарасы аясында Бадам және Тоғыс су қоймасына рейд жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті Полиция қызметі басқармасы және Шымкент қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесе Бадам және Тоғыс су қоймасына бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараның нәтижесінде Бадам су қоймасының жағалауын жалға алушы кәсіпкерлік нысаны тарапынан санитарлық талаптары сақтамай, демалыс орнында қоқыс қалдықтары анықталып, санитарлық-экологиялық талаптарды бұзуға жол берген ЖШС-нің жауапкершілігін қарастыру туралы Экология департаментіне хат жолданып, Шымкент қаласы бойынша Экология департаментімен ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 324, 336-баптарымен әкімшілік шара көрілген. 

2 тамыз күні Бадам су қоймасына рейдтік іс-шара өткізу барысында Бадам су қоймасынан рұқсат қағазсыз бес килограммнан артық балық аулаған Тоғыс елді мекенінің тұрғыны анықталды. Ол азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар, аталған су қоймасының жағалауында балық аулап отырған азаматтарға балық аулаудың тәртібі мен тазалық сақтау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру